Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

17 October 2021 11:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде өткен апта ішінде бірнеше кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

14 қазан күні СҚО-да Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға жаңа әкім тағайындалды

Жаңа аудан әкімін көпшілікке облыс басшысы Құмар Ақсақалов таныстырды.

Бұл қызметті енді Серiк Мұхамедиев атқарады. Серік Мақсұтұлы 1965 жылы Шығыс Қазақстан облысы Көкпектi ауданы Биағаш ауылында дүниеге келдi.

Бiлiмi жоғары, 1989 жылы инженер мамандығы бойынша Өскемен қаласының құрылыс-жол институтын аяқтаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Алматы қаласының 2562 Автотiзбектi пайдалану бөлiмiнiң басшысы болып бастады.

1991-2010 жылдар аралығында сауда және бизнес салаларында экономист, сауда-саттық бөлiмiнiң басшысы, бірнеше компанияның директоры болып жұмыс істеді.

Мемлекеттiк қызметке 2010 жылдың шiлдесiнде келді. СҚО жолаушылар көлiгi және автомобильдер жолдары басқармасында жоспарлау және сметалық-шарттық жұмыстарды жүргiзу бөлiмiнiң бас маманы, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бөлiмiнiң бастығы, басқарма басшысының орынбасары лауазымдарында 2016 жылға дейін қызмет атқарды.

Бұған дейін СҚО әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болды.

Одан бөлек, 15 қазан күні ҚР Үкіметінің қаулысымен Талғат Амангелдіұлы Момышев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист.

1994-1996 жж. — қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры.

1997-1998 жж. — Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары. Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеді.

1998-1999 жж. — Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.

1999-2000 жж. — Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы.

2000 ж. — «Метрология» РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» АҚ директорының бірінші орынбасары.

2000-2005 жж. — «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы.

2005-2010 жж. — Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.

2010-2014 жж. — Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2014-2016 жж. — Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

2016-2018 жж. — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2018-2019 жж. — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2019-2021 жж. — ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы.

2021 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінің аппарат басшысы болды.


Up