Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

3 May 2021 15:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түрікмен тарапының бастамасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. 2021 жылы өтетін жоғары және аса жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындыққа ерекше назар аударылды.
Өңірлік және халықаралық күн тәртібі бойынша жан-жақты пікір алмасылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухында екіжақты байланыстарды жалғастыруға келісті.


Up