Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Ресейдің үкімет басшылары телефон арқылы сөйлесті

20 October 2021 20:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет басшылары Қазақстан мен Ресейде коронавирус инфекциясымен күресті күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Асқар Мамин мен Михаил Мишустин Қазақстан-Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелерін және өнеркәсіп, энергетика, көлік, инфрақұрылым және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды ілгерілетуді талқылады.

Үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және басқа да интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырды.


Up