Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

22 July 2021 18:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы Қытайдың Хэнань провинциясындағы толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өзімнің атымнан Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ, бүкіл Қытай халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып,
із-түссіз жоғалғандардың аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін», – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев қажеттілік болған жағдайда Қазақстан Үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын екенін нақтылады.


Up