Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экономикалық саясатындағы басты қателікті атады

21 January 2022 13:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ел дамуындағы оң өзгерістер көп жағдайда бизнеске байланысты. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әртараптандырылған экономика құру міндеті әлі де өзекті. Бірде бір тұрақты экономика қуатты өндірістік секторсыз тіршілік ете алмайды. Индустрияландырудың баламасыздығы туралы тезис өткірлігін жоғалтқан жоқ. Ондаған жылдық жұмыс барысында ілгерілеу неліктен орын алмады? Басты қателік мұнымен негізінен мемлекет айналысты», - деп атап өтті Мемлекет басшысы еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында.

ҚР Президентінің атап өтуінше, құрылымдық, оның ішінде квазимемлекеттік құрылымдарға қатысты проблемаларды шешуге қомақты қаражат жұмсалды.

«Дегенмен, бастамалар бизнестен, бірінші кезекте ірі бизнестен шығуы тиіс болатын. Бірақ, бұл орын алмады. Мемлекеттік сектор қандай ірі болса да, бұл тек қана мемлекеттің экономикалық жүйесінің бір бөлігі ғана. Республикалық бюджеттің шығыс бөлігі барлық статьялармен зейнетақы, мемлекеттік міндеттеме және даму бюджеті шамамен 15 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 20 пайызын құрайды. Қалғанының барлығы нарықпен, үлкен және кіші кәсіпорындармен қалыптасады. Сондықтан да тағы да қайталап айтамын, ел дамуындағыы оң өзгерістер көп жағдайда бизнеске байланысты болады», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Up