Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кәріз құдығына нәжіс төккен ассенизатор жүргізушісіне айыппұл салынды

29 November 2021 22:23

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кәріз құдығына нәжіс төккен ассенизатор жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құқық бұзушылық туралы ақпарат қаланың Алатау ауданының тұрғынынан «Алматы» телеарнасындағы Акимат Live бағдарламасының студиясына келіп түсті.

«Арызданушының мәліметінше, «Ақбұлақ» ықшамауданында ассенизатор көлігінің жүргізушілері нәжісті кәріз жүйесіне төккен. Біздің бөлімшенің табиғатты қорғау полиция бөлімінің инспекторларымен қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы (қаланы абаттандыру ережелерін бұзу) бойынша 33 жастағы И.есімді азамат анықталды», – дейді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Оған 20 АЕК айыппұл түріндегі жауапқа тартылды.

«Естеріңізге сала кетейік, ассенизаторлық көліктер жуынды-шайынды суды арнайы рұқсат етілген ағын пункттеріне жіберуі керек, онда желілер шайылып, көлік дезинфекцияланады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, қалалық кәріз жүйесі мен су айдындарына жуынды-шайынды суды немқұрайлы құйып жатқан азаматтар бар. Мұндай заң бұзушылықтар әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады», – деп түйіндеді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.



Иллюстрациялық фото: a3169.clouditp.ru

Up