Weather
Astana 24 °С
Almaty 32 °С
Exchange rates
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Карантин біткен соң қалай өмір сүретінімізді де ойлау керек – Роман Ким

1 April 2020 17:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Роман Ким Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта елорда мен Алматыда карантин режимі жарияланды. Ерте ме, кеш пе - карантин режимі аяқталады, одан кейін ары қарай өмір сүруіміз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі менің көңілімнен шықты, себебі шынымен де ары қарай қалай өмір сүруіміз керектігін, экономика туралы ойлауымыз керек. Көбі зейнетақы жағы қалай болатыны туралы ойлады. Президент кеше зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек 10% өсетінін айтты. Бұл үлкен қадам», - дейді депутат.

Сондай-ақ, Роман Ким аграрлық секторға қандай көмек көрсетілетіні туралы айтты.

«Бізде қажетті азық-түлік бар. Дүкен сөрелері толып тұр, мүмкін бағада аздап өзгеріс бар болар. Президент аграрлық сектордың дамуына ерекше көңіл бөлді. Бұл - өте жақсы көмек. Бюджеттен қосымша 70 млрд теңге бөлініп, «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ арқылы фермерлерге беріледі. Мемлекет басшысы шараларды дәл уақытында қабылдады», - дейді ол.


Up