Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандылық кәсіпкерлерге Ashyq жүйесінде тіркелуге көмектеседі

29 July 2021 22:51

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында Ashyq жүйесінде тіркеуге көмек көрсету пункттері іске қосылды. Енді өтінімді жеңілдетілген нысан бойынша рәсімдеуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ashyq-қа қосылғысы келетіндер саны арта түсті. Мысалы, Қарағандының бір ғана нарығында жүзге жуық өтінім берілді. Көмекке Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мамандары келді.

«Мен компьютерлік сауаттылықта мықты емеспін. Жүйеге өз бетімше қосылу қиын болар еді. Мұнда бәрі тез жасалды. Ashyq-пен карантин күшейген кезде жұмысты жалғастыра аламын», – деді кәсіпкер Лидия Чернышова.

Әйел базарда бутик жалдап, заттарды сатады.

«Ashyq қосымшасын тіркеу сайтында жүргізіледі. Рәсім жеңілдетілді. Егер бұрын өтінімді өңдеуге жеті күнге дейін уақыт кетсе, енді QR-кодты алу екі сағаттан аспайды», - дейді Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы баспасөз қызметі.








Up