Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында «Еңбек» бағдарламасымен 30 мыңға жуық адам жұмыс тапты

25 October 2021 22:34

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында осы жылы кемінде 70 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Онлайн режимінде өткен аппарат кеңесінде «Еңбек» бағдарламасы бағытында қандай жұмыстар атқарылғаны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 айда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту шараларымен 32,6 мың адам қамтылды, оның ішінде 28 275-і жұмысқа орналастырылды. Мыңға жуық жас азамат еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарына жіберілді, ал түлектердің едәуір бөлігі жұмысқа орналасты», – деп баяндады Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова.

Ол жұмыс берушілер қандай мамандарға мұқтаж екенін нақтылады. Бұл слесарь-электриктер, газэлектрдәнекерлеушілер, фитнес-нұсқаушылар, механизаторлар, тракторшылар, от жағушылар, тәрбиешінің көмекшілері, тігіншілер, массаж жасаушы мамандар және тағы басқалар.

Облыста «Бастау Бизнес» жобасы да сұранысқа ие. Кәсіпкерлік негіздеріне 1 745 адам оқытылды. Түлектер шағын несие немесе өз ісін ашуға гранттар алды. Облыста грант беруге қосымша қаражат бөлінді.

Мыңға жуық адам жастар тәжірибесіне, алты мыңнан астамы қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 700-ге жуық адам әлеуметтік жұмыс орындарын алды.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу шараларының тиімділігін арттыруды тапсырды.


Up