Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында 4 мың гектарға жайылған дала өрті сөндіріліп жатыр

26 July 2021 20:41

ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат - Өрт сөндірушілер Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы табиғи өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі атап өткендей, өткен демалыс күндері Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Осакаров, Бұқар жырау аудандарында бір табиғи өрт және төрт дала өрті тіркелген.

Жалпы аумағы 142 гектарды құраған барлық дала өрті сөндірілді.

Құтқарушылар Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы табиғи өртті сөндіруді жалғастырып жатыр. Алдын ала аумағы - 4 000 га.

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдарының, орман шаруашылығының күш-құралымдары, өртке қарсы ерікті құрылымдар және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Олардың жалпы саны - 229 адам мен 66 техника.

Елді мекендерге қауіп жоқ.








Up