Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Канело» жаттықтырушысы Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы айтты

29 January 2022 14:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауль «Канело» Альварестің жаттықтырушысы әрі менеджері Эдди Рейносо мексикалық спортшының қазақстандық Геннадий Головкинмен 2022 жылы үшінші жекпе-жегін өткізу ықтималдығына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Биылғы жылы «Канело» екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Біз оны ақпан айына дейін демалдырып, одан кейін жылды бастаймыз. Головкинмен үшінші жекпе-жек? Көрерміз, мамыр не қыркүйекте көздеуге болады. Головкин жақында «Канеломен» жұдырықтасу ниетін білдірді, сондықтан үшінші жекпе-жек өткізу ойда бар. Бірақ ол енді екінші орта салмақта өтеді. Егер Головкин қаласа, көтеріле алады. Сауль енді орта дивизионға түспейді. Ол жоғары көтеріле алады, орта салмақтан алшақтады.

Бетербиев пен Бивол – бұлар да варианттар. Биыл не болатынын көрейік», - деді Рейносо Fight Hub TV-мен әңгімелесу барысында.

Бұған дейін промоутер Эдди Хирн Альвареске DAZN-да мамыр айында Дмитрий Биволмен жне қыркүйекте Головкинмен жекпе-жек өткізуді ұсынғанын растады.


Up