Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Канело» Сондерсті тізе бүктіріп, үш әлем чемпионы титулын біріктірді

9 May 2021 10:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Арлингтонда (АҚШ) AT&T Stadium стадионында мексикалық боксшы Сауль Альварес (55-1-2, 37 КО) пен британдық Билли Джо Сондерс (30-0, 14 КО) арасында жекпе-жек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Канело» WBC мен WBA Super нұсқалары бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы белдіктерін, ал Сондерс, өз кезегінде, осы санаттағы WBO титулын бәске тікті. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған еді, бірақ ойын уақытынан ерте бітті. Билли Джо тоғызыншы раундқа шығудан бас тартты. Осылайша, мексикалық кәсіби бокстағы 56-шы жеңісіне жетіп, дивизиондағы үш чемпиондық титулды біріктірді, ал Сондерс мансабында алғаш рет жеңіліс тапты.

Еске сала кетейік, «Канело» қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 36 КО) үшінші рет айқасуға дайын екенін білдірді, дегенмен бұл үшін GGG супер орта салмаққа көтерілуі тиіс.


Keywords: Спорт,
Up