Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Канело» баспасөз мәслихатында Плантпен төбелесіп қалды

22 September 2021 09:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Лас-Вегаста 6 қарашада өтетін мексикандық Сауль «Канело» Альварес пен АҚШ өкілі Калеб Плант арасында жекпе-жекке арналған баспаөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір-бірін көзбен атысқан кезде қарсыластар сөзге келіп қалды. «Канело» өзінің оппонентін итеріп жіберді, ал ол өз кезегінде соққыға жүгінді. Боксшылар арасында кішігірім төбелес болды, оларды команда мүшелері айырып алды. Суреттерден Планттың бетіне тыртық түскенін байқауға болады.

«Бұл тыртық менің күннен қорғайтын көзілдірігімнен болды. Мен көзілдірік киген едім. Болған нәрсе болды. Бұл бар болғаны беттегі кішкене сызат», - деді өзінің жарақаты туралы Калеб.

Еске сала кетейік, «Канело» мен Планттың жекпе-жегі 6 қараша күні Лас-Вегаста 09:15-те басталады.

Ф ото: Amanda Westcott / Showtime

Keywords: Спорт, Бокс,
Up