Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қамшыбек Қоңқабаев: Келесі қарсыласымды танимын, бірақ кездеспегенмін

1 August 2021 19:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бокстан Қазақстан командасының капитаны Токио Олимпиадасының ширек финалындағы жекпе-жегінен соң журналистер сұрағына жауап берді, деп жазады Olympic.kz.

«Бірінші раунд ойдағыдай өтті. Екінші раундтан бастап қателіктер кетті. Лас боксқа ден қойып кеттім. Енді осы олқылықтардың орнын толтыруға тырысамын. Алдыңғы қолмен дұрыс жұмыс істемедім. Болар іс болды, бастысы - жартылай финалға өту. Келесі қарсыласымды танимын, бірақ кездеспегенмін. Енді бар ойым мен күшімді келесі жекпе-жекке жұмсаймын», - деді Қамшыбек.

Айта кетелік, 1/4 айналымда Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовті 4:1 есебімен ұтты.

Keywords: Спорт,
Up