Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ішкі істер министрлігінде ведомстволық медицина саласындағы мәселелер талқыланды

29 November 2021 12:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігінде ведомстволық медицина саласындағы мәселелер талқыланды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ІІМ қоғамдық кеңесінде ведомстволық медицина саласындағы мәселелер талқыланды. Кеңес мүшелері ІІМ медициналық қызметі үшін ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасында көзделген іс-шаралардың іске асырылу барысын зерделеді. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың басынан бастап Елбасының тапсырмасы бойынша министрлік ішкі істер органдарын жаңғыртуға кірісті. Бұл іс-шаралардың маңыздылығы мен өзектілігін Мемлекет басшысы атап өтіп, полиция реформасы бойынша нақты міндеттер қойды», - деді ресми өкіл ІІМ баспасөз алаңында өткен брифингіде.

Оның атап өтуінше, кеңесте ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін мемлекеттік медициналық сақтандыру туралы ІІМ Тыл департаментінің басшысы Қайсар Сұлтанбаев баяндаған. Ол ІІО қызметкерлерінің барлық отбасы мүшелері «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға сәйкес сақтандырылғанын және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жалпы негізде қатысатынын айтқан.

«Республика бойынша жүз мыңнан астам ІІО қызметкерлері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері бар. Олардың отбасы мүшелерінің саны 130 мыңнан астам адамды құрайды, оның ішінде 50 мыңнан астамы – балалар», - деді ол.


Up