Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Иранда 18 маусым күні президент сайлауы өтеді

9 May 2021 20:38

ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат - Иранда президент сайлауына қатысатын кандидаттарды тіркеу 11 мамырда басталады. Бұл шара 4 күнге созылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Биліктің үш тармағы басшыларының орынбасарлары, Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің және саяси қонымдылықты анықтау кеңесінің мүшелері, Кумадағы рухани семинария орталығының басшысы, мемлекеттік ұйымдардың, институттар мен қоғамдық үкіметтік емес ұйымдардың директорлары, әскери жоғары қолбасшылар, Азад университетінің ректоры, губернаторлар мен халқының саны 2 миллионнан асатын қала мэрлері Иран президенті атану үшін бақ сынай алады.

Таяуда президенттің жасына қатысты шектеу жарияланды. Сайлауға қатысатын үміткерлердің жасы 40-тан кіші болмауы және 75-тен аспауы шарт.

Иран конституциясын қорғау кеңесі атынан сайлауға түсетін кандидаттардың есімі 26-27 мамырда белгілі болады.

28 мамырдан бастап үміткерлер сайлауалды үгіт науқанын бастайды. Ол 16 маусымға дейін созылады. 17 мамырда үгіт сап тыйылып, тыныштық күні болады.

Ислам республикасының заңына сәйкес тіркелген үміткерлерді Иран конституциясын қорғау кеңесі мақұлдауы тиіс. Тізімге ену үшін өтініш 15 мамырға дейін қабылданады.

Сайлау 18 маусым күні өтеді деп белгіленген.


Up