Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ілияс Есенберлиннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

25 October 2021 23:46

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұлт рухын тірілтіп, халықтың рухани санасын оятқан жазушы Ілияс Есенберлиннің шығармашылығына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ әдебиеті мен тарихында есімі алтын әріппен жазылған Ілияс Есенберлиннің үш томдық «Көшпенділер» эпопеясына биыл 50 жыл толды. Соған орай ҚР Мемлекеттік орталық музейінде жазушының шығармашылығы дүйім жұртқа толық таныстырылды. Көрмеге қаламгердің кезінде жарық көрмеген романдары да қойылды. Көрменің ашылуына ғылым мен мәдениет, өнер қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.







Шараға қатысушылар көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің еңбек жолы, шығармалары мен өмірі жайлы сыр шертіп, оның еңбектерінің өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығы туралы айтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Көшпенділер» трилогиясын «Қазақ халқының энциклопедиясы» деп атап, жазушының шығармашылығын жоғары бағалаған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқырмандарға арнаған үндеуінде Ілияс Есенберлиннің еңбектерін терең зерттеусіз қазақ тарихын білу мүмкін емес екенін атап өткен болатын. Сондықтан жаңа жинаққа жазушының «Көшпенділер» және «Алтын Орда» тарихи эпопеялары және романдары кірді.





Up