Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Халықпен 24 сағат байланыста: учаскелік полицей жұмысы жайлы айтты

23 June 2021 20:28

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы 13-ші учаскелік полиция пунктінің инспекторы Станислав Алифиренко былтыр Мемлекет басшысының алдында барлық учаскелік инспекторлардың атынан пандемия кезінде атқарылған жұмыс туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы 13-ші учаскелік полиция пунктінің учаскелік инспекторы Станислав Алифиренко былтыр өткен «Біз біргеміз» онлайн форумына қатысты. Мемлекет басшысының алдында учаскелік полицейлер атынан пандемия кезінде атқарылған жұмыс туралы баяндады.

Полиция аға лейтенанты учаскелік инспектор лауазымында 2 жылдан астам қызмет етіп келеді. Әкімшілік учаскеде тұрғындар өз инспекторларын жақсы таниды және оған түрлі мәселемен күн-түні хабарласады. Көп жағдайда адамдар тыныштықты бұзғандарға шағымданады екен.





Станислав Алифиренконың жұмыс күні сағат 8.30-дан басталады. Ең алдымен есептегі адамдарды тексереді. Түзету мекемелерінен босап шыққандардың, шартты түрде босатылғандардың жұмыс істеуі де учаскелік полиция инспекторының назарында. Сондай-ақ, есепте маскүнемдер, нашақорлар да бар.

Тәртіп сақшысы қызмет көрсететін әкімшілік учаскеде 3,5 мыңнан астам адам тұрады. Учаскелік инспектор тұрғындардың басым көпшілігін жақсы таниды. Қылмыс жасағандар полицейлердің үнемі ерекше бақылауында.





«Жұмыста көп уақыт өткіземіз, айтарлықтай қиындықтар жоқ, тек үнемі жұмыста болу керек. Учаскеде тыныш болу үшін жұмыс істеу қажет. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін барлық жағдай жасалған», - дейді Станислав Алифиренко.

Петропавл қаласында 13 учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. №13-інші полиция пункті 10 жыл бұрын жаңа ықшамауданда ашылған. Бұнда қазір учаскелік 5 полиция инспекторы қызмет етеді. Олардың барлығы бейнежетондармен, планшеттермен жарақтандырылған.





Up