Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Грузия туристерді қысқы курорттарға қабылдауға дайын

22 October 2021 12:50

ТБИЛИСИ. НОВОСТИ-ГРУЗИЯ - ҚазАқпарат – Грузия қысқы туристік маусымға белсенді дайындық үстінде. Ел үкіметінің мәлімдеуінше, ол былтырғы жылдағыдай коронавирус пандемиясы себебімен жабылмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Новости-Грузия агенттігіне сілтеме жасап.

2021 жылғы қысқы маусымда Грузияның төрт курорты – Гидаури, Бакуриани, Местиа және Годердзиде 134 183 сапарлаған. Грузияда пандемия мен ковид-шектеулерге байланысты екінші жыл қатарынан толық қысқы маусымды өткізу мүмкін болмай отыр. Осы жолы курорттарға қатысты жаңа ережелер мен кеңестер қолдану туралы шешім қабылданды. Оларды Экономика министрлігі, Ұлттық туризм әкімшілігі, Тау курорттарын дамыту науқаны, Денсаулық сақтау министрлігі, Ауруларды және қоғамдық денсаулықты қадағалау Ұлттық орталығы және Еңбек инспекциясы департаменті әзірлеген. Бұл туралы Экономика және тұрақты даму министрінің орынбасары Мариам Квривишвили мәлім етті.

Жаңа ережелер негізінен арқанжолдарға қатысты. Кеңестерге сәйкес, он адамды сыйдыратын жабық арқан гондоласы тек сегіз жолаушыны тасымалдай алады. Ал ашық типті гондолалар толық жүктемемен жұмыс істей алады. Осы арада арқанжолдар мен олардың маңы қарқынды дезинфекцияланады. Кресло арқанжолдарына қатысты жаңа ережелер енгізілмейді. Олай болған жағдайда, көтергіштің екі түрімен жылжу процесі қатаң қадағаланатын болады. Сонлай-ақ, тау-шаңғы курорттарында қашықтықты сақтау және маска тағу ережелері сақталады.


Up