Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан кубогы 1/2 финалының жеребесі тартылды

28 September 2021 22:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогы 1/2 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қазақстан футбол федерациясында жартылай финал жеребесі тартылды.

Жарыстың аталған сатысында «Астана» командасы «Қайрат» пен «Қайсар» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал «Тобыл» клубы «Шахтер» мен «Тараз» жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, 1/4 финалда «Астана» «Каспийді» (3:3, 1:0) орта жолда қалдырып кетсе, «Тобыл» «Қызылжардан» (1:0, 1:0) басым түсті.

Ал 22 қыркүйекте өткен алғашқы кездесуінде «Қайрат» «Қайсарды» 3:0 есебімен тізе бүктірсе, «Шахтер» мен «Тараз» 0:0 есебіне қанағат білдірді. «Қайрат» пен «Шахтер» тамыз айында еурокубок ойындарында сынға түсуіне байланысты кубоктың 1/4 финалдағы ойындары кейінге қалдырылған болатын. Енді олар қарымта кездесулерін 27 қазанда өткізеді.

Айта кетсек, 1/2 финалдың алғашқы ойыны 6-7 қарашада болса, қарымта кездесу 20 қарашаға белгіленген.


Up