Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Еуропа чемпионаты: Италия Швейцарияны ойсырата жеңді

17 June 2021 02:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысындағы топтық кезеңі екінші турында Италия мен Швейцария құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, аталған екі құрама А тобында сынға түседі. Қарсыластары – Уэльс және Түркия.

Алғашқы турда Италия Түркиядан 0:3 есебімен басым түссе, Швейцария Уэльспен 1:1 есебімен тең ойнады.

Екі құрама бұған дейін 58 мәрте кездескен. Оның 28-де Италия жеңіске жетіп, 8-де Швейцарияның мерейі үстем болса, 22-де тең нәтиже тіркелді.

Бүгінгі кездесуде италиялық футболшылардың басымдығы аңғарылып тұрды. Нәтижесінде Мануэль Локателли 26, 52-минуттарда мергендік танытты.

Бұдан кейін швейцариялық құрама алға қарай ұмтылды. Десе де олардың гол соғуына италиялықтар мүмкіндік бере қойған жоқ. Есесіне 89-минутта Чиро Иммобиле қорытынды есепте белгіледі.

Айта кетерлігі, екі құраманың соңғы үш ойынында тең нәтиже тіркелген еді. Италия құрамасы сол сәтсіздіктер сериясын тоқтатты.

Осылайша қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Аталған топтағы үшінші тур ойындары 20 маусымда өткізіледі. Бұл күні Швейцария мен Түркия, Уэльс пен Италия шеберлік байқасады.


Up