Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Францияда вакцина салдырмаған үш мың медицина қызметкері жұмыссыз қалды

17 September 2021 19:31

ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Францияда үш мыңға жуық медицина қызметкері жұмыстан шеттетілді. Олардың барлығы бір себеппен – коронавирусқа қарсы вакциналанбағандары үшін шығарылды, деп хабарлады ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Үкіметтің дәрігерлер үшін міндетті екпе жасау туралы өкімі бірнеше апта бұрын белгілі болған. Алайда көпшілік биліктің сөзден іске көшетініне толық сенбеді.

Кәсіподақтар кадр тапшылығы мәселесін айтуда. Билік жағдай бақылауда деп сендіреді. Бірақ кейбір ауруханаларда шұғыл шаралар қабылдауға тура келді.

«Біз бөлімшелердің секцияларын жабамыз, штаттан тыс қызметкерлерді тартамыз, медицина қызметкерлерінен артық жұмыс істеуді сұраймыз», - деді жергілікті емханалардың бірінің өкілі.

Үш мың медицина қызметкерінің келісімшартын уақытша тоқтату – бұл жалпы Еуропа үшін бұрын-соңды болмаған жағдай.


Up