Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Есірткі сатушы 32,5 келі гашишті Қарағандыға пойызбен жеткізбек болған

21 January 2022 09:14

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Полицейлер Қарағандыға гашиштің ірі партиясын әкелмек болған Жамбыл облысы Шу ауданының тумасын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков түсіндіргендей, күдікті қылмыс дайындалған сәттен бастап бақылауға алынған. Оның Қарағандыға пойызға билет сатып алғаны туралы ақпарат түскен бойда ұстау шаралары қолға алынды. Ал таңғы сағат 5:00-те күдіктіні қалаға келген бойда облыстық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Одан жол сөмкесі тәркіленді, оның ішінде 32,5 келіден астам гашиш салынған үш пакет болған. Ведомство тәркіленген гашиштің аса ірі мөлшерде екенін және оның мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын атап өтті.


Up