Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ерлан Қарин жануарларға қатысты заң туралы: Халықтың экологиялық мәдениетін көтереді

27 October 2021 21:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасының Мәжілісте қаралуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Мәжілісте «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Мемлекет басшысы бірнеше рет, әсіресе қоғамда резонанс тудырған жағдайлардан кейін жануарларға қатысты қатыгездікке жол бермеуге назар аударған еді. Жаңа заңның қажеттігі туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы Жолдауында айтты. Ол жануарларға қарым-қатынасты қоғам өркениетінің өлшемі деп атады», - деп жазды Е. Қарин өзінің Telegram каналында.

Президент көмекшісі бұл мәселе Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында да жеке талқыланғанын еске салды. Әзірленген заң жобасы мемлекеттік органдардың, парламентарийлердің, Ұлттық кеңес мүшелерінің және сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерінің бірлескен жұмысының нәтижесі болды.

«Заң жобасында жануарларға қатыгездікті насихаттауға тыйым салынады, оларды бағу ережелері егжей-тегжейлі жазылған. Арнайы норма жануарларды қолданып, қатыгез ойын-сауық жасауға тыйым салуға бағытталған. Жануарларды қорғаушылар бірнеше жыл бойы осы заңды әзірлеуге әрекет етті. Тұтастай алғанда, бұл заң жобасын қабылдау азаматтардың экологиялық мәдениетін көтеруге ықпал ететін болады», - дейді Ерлан Қарин.


Up