Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ерболат Досаев 2022 жылғы инфляцияға болжам жасады

9 December 2021 09:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылы инфляция 6-6,5 пайыз болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қараша-желтоқсан» болжамды раунды аясында Ұлттық банк негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдарын жаңартты. 2021 жылы жоғары базадан шығуды және сыртқы инфляциялық қысымның біртіндеп қысқаруын ескерсек, 2022 жылы шарықтау шегі бірінші тоқсанда орташа есеппен тоқсан ішінде 8,8 пайыз болжанатын инфляцияның баяулауы күтіледі», - деді Ерболат Досаев.

Осы ретте Ұлттық банк төрағасы келер жылы болжанатын инфляцияның пайыздық мөлшерін атады.

«Жаңартылған базалық сценарийге сәйкес, мұнай бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ доллары болған кезде инфляция 2022 жылдың соңына таман Инфляцияға қарсы ден қою іс-шараларының кешенін тиімді іске асыру нәтижесінде 6,0-6,5 пайыз болады», - деді ол.


Up