Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ералы Тоғжанов өңірлердегі білім беру деңгейін көтеруді тапсырды

27 January 2022 13:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірлер арасында білім деңгейіне қатысты айтарлықтай проблемалар мен алшақтықтар бар. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орта білім беруде білім сапасын теңестіруге, оқытудағы кемшіліктерді дер уақытында жоюға, қалып қойған балаларды оқытуға негізгі басымдық берілуі тиіс. Қалалық және ауыл мектептері арасындағы білім алшақтығын төмендету бойынша кешенді іс-шаралар қажет. Бізде өңірлер арасында білім деңгейіне қатысты айтарлықтай проблемалар мен алшақтықтар бар. Меніңше, бұл мәселе бүгінде күнтәртібінде тұр - деді Үкімет басшысының орынбасары Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның атап өтуінше, әртүрлі тілде білім беретін мектептер арасында да нақты проблемалар бар.

«Сондықтан бұл бағытта аталған мәселелерді шешу үшін нақты тәжірибелік іс-шараларды айқындауды өтінемін. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері өңір әкімдерімен бірлесіп, қаржыландыруды теңестіруді және қалып қойған өңірлердің білім беру деңгейін арттыруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Әсіресе, ауылдық жерлердегі педагог тапшылығы проблемасын түбегейлі шешу қажет», - деді Ералы Тоғжанов.


Up