Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

eQonaq: Қазақстанда туристерге арналған жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды

16 June 2021 19:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада туристерге арналған eQonaq атты жаңа ақпараттық жүйенің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрландыру - мемлекетіміз үшін басым бағыттардың бірі. Соның ішінде туризм саласы да цифрландыруды талап етеді. Алдымызда ішкі туризмді одан әрі дамыту мен оны қолжетімді ету мақсат-міндеті тұр. Біз сырттан келген туристердің саны мен олардың қандай елден келіп жатқанын білуіміз керек. Сонымен қатар, олардың сұранысы мен туризмнің қай саласы қызықтыратыны да маңызды. Осы мақсатта бұған дейін «e-Tourism» цифрлық бағдарламасын енгізсек, енді «eQonaq» атты жаңа ақпараттық жүйесін іске қостық. Бұл жаңа жобаны «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы өткен жылдың қазан айынан бастап пилоттты режімде іске қосқан болатын», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ақпараттық жүйенің ресми таныстырылымында.




Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, аталған ақпараттық жүйе ішкі туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалды.

Мақсат – ішкі және сыртқы туристердің ағынын есепке алып, ол бойынша талдау жасау.




Сонымен қатар саяхаттаушылар мен демалушылардың көшін-қон қарқынын бақылау.

«Біріншіден eQonaq атты ақпарат жүйесін арқылы елге келген туристердің санын, деңгейін және олардың талғамын білу мүмкіндігі туады. Екіншіден, туристік қызметті оңтайландырып, қолжетімді және цифрлық форматта қызмет көрсетуді көздейді. Яғни біз жүйе арқылы туристердің демалу үшін көбінесе қай жерлерді таңдайтынын, қанша уақыт болғанын анықтауға болады. Бұл ішкі туризмді одан әрі ілгерілетуде не істеу керек деген сұрақтарға жауап береді», - дейді ол.








Up