Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада ЖРВИ-мен ауырғандар саны артты

17 September 2021 19:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жіті риспираторлық вирустық инфекциямен ауырғандар саны артты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жіті риспираторлық вирустық инфекцияға қатысты эпидемиологиялық ахуалға азды-кем тоқталып өткенім жөн болар. 2021 жылдың басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының арасында ЖРВИ-дің 32,5 мың жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 2 814. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 43,3 пайызға жоғары. Былтыр 20 706 жағдай тіркелген болатын», - деді ол елорда әкімдігінде өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, 14 жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ-дің 15 635 жағдайы тіркелген. Соңғы аптаның өзінде 1 054 бала ауырып қалған. Өткен аптамен салыстырғанда балалар арасында ЖРВИ-мен ауру 32 пайызға өсіп отыр.

«ЖРВИ-мен аурудың апталық көрсеткіші бақылау деңгейінен асып отырған жоқ. Соңғы 2020-2021 жылдарғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дің 25 252 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 15 090 бала ауырды», - деді Жанна Пірәлиева.


Up