Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада Мәңгілік ел даңғылындағы учаске уақытша жабылады

15 May 2021 18:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы елордалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, Мәңгілік Ел даңғылында жол жөндеу жұмыстарының басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты осы жылғы 15-17 мамыр аралығында Триумфальды аркадан Орынбор көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады. Сондай-ақ, 15 мамырда Сейфуллин-Айманов көшелерінің қиылысындағы жол төсеміне жөндеу жүргізіледі. Бұл учаске толығымен жабылады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», — делінген ведомство хабарламасында.


Up