Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді

7 December 2021 14:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған байрақты бәсеке 7-12 желтоқсан күндеріне жоспарланған. Ел біріншілігі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Мәлім етілгендей, 18 жасқа толмаған спортшылар UWW ережесі бойынша дәрігердің медициналық анықтамасы және ата-анасының қолхаты арқылы жарысқа қатысады.

Турнирді алдымен еркін күрес шеберлері бастайды.

Кейін әйелдер күресінен жеңімпаздар анықталса, грек-рим күресінің өкілдері чемпионатты түйіндейді.


Up