Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада «Елдіктің жеті тұғыры» талқыланды

29 November 2021 15:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Елдіктің жеті тұғыры» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз еліміздің одан әрі дамуына үлес қосуға тырысамыз. Ал мемлекеттің жеті тұғырының маңызын жастарға жеткізу - біздің парызымыз деп білеміз. Елбасы өз үндеуінде бізге, келешек ұрпаққа, жастарымызға осындай жауапты миссияны жүктегеніне өте қуаныштымын. Qazaqstan Team таланттарды анықтау алаңы болып, сол арқылы жастар саясатын күшейтеді деп сенеміз», - деді жиында сөз алған «Qazaqstan Team» республикалық жастар ұйымының жетекшісі Олжас Сүлейменов

Іс-шараға аға және жас ұрпақ өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, спортшылар мен кәсіпкерлер қатысты.

Спикерлер өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибесінің призмасы арқылы қандай да бір қағидаларды қабылдауы жайында әңгімеледі.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстанның жастары алдында Елбасы және Президент замандастары саяси буыны қалаған Тәуелсіз Қазақстанның іргесін нығайту әрі дамыту іспеттес маңызды мақсаттар тұр. Бұл биік мұратты түсіну және оның орындалуына күш жігерін қосу өскелен Тәуелсіздік ұрпақтарының басты тарихи және саяси жауапкершілігі», - ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесінің мүшесі Уәлихан Бахретдинов.

Естеріңізге сала кетейік, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар үшін негізгі бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының жиынтығын жас ұрпаққа үндеуін жолдады.

Олар: «Тәуелсіздік – кез келген азамат үшін ең қастерлі құндылық», «Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры», «Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы», «Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі», «Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі», «Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті», «Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі».


Up