Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада екі көшеде су болмайды

4 May 2021 18:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада екі көше бойындағы үйлерде суық су болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана су арнасы» коммунальдық кәсіпорынына сілтеме жасап.

Компанияның хабарлауынша, Жанайдар Жирентаев көшесіндегі 21-үйде 5 мамыр күні сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылады.

Су беру төмендегі үйлерде өшіріледі:

Тұрғын үй нысандары:

1. Ж.Жирентаев көшесі, 9,13/1, 21,20/1,22,22/1-үй

2. Қажымұқан көшесі 20-үй.

Тұрғын жайға жатпайтын нысандар:

1.Ж.Жирентаев көшесі, 7,11,13/2,15,15 а,16 (№22 мектеп), 20.

«Астана су арнасы» тұтынушылардан ауыз суды ертерек алып қоюын сұрайды. Сондай-ақ, аталмыш тұрғын үйлерге су жеткізу ұйымдастырылады. Су тасушы машинаның қай жерде болатынын 76-76-76 нөміріне қоңырау соғып біле аласыздар.


Up