Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада баннер құлап, әйел мен бала зардап шекті

27 May 2022 12:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қатты желдің салдарынан алып баннер құлап, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда тұрғынының үстіне баннер құлағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Оқиға Бейбітшілік пен келісім сарайы маңында болған. Қатты жел баннерді шамамен 15 метр жерге дейін ұшырған.

Соның салдарынан елорда тұрғыны түрлі дене жарақатын алған.

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жараланғандар саны екеу. Жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнына 3 минутта жеткен.

«Зардап шеккендер (1 ересек адам, 1 жасөспірім) түрлі жарақатпен көпбейінді қалалық стационарларға жеткізілді. Оларға қабылдау бөлімі деңгейінде ауруханалардың бейінді мамандары бүкіл қажетті медициналық көмекті көрсетті», - деп атап өтеді басқармадан.




Басқарма мәліметінше, зардап шеккен әйел түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, жағдайы бірқалыпты.

«Науқас ауруханада толық сауыққанға дейін стационарлық ем қабылдайды. Жарақат алған жасөспірімді мамандар қарап шықты. Медициналық тексеру кезінде науқастың жағдайы орташа, асқыну болмады. Дәрігерлер толық тексеру жүргізді. Содан кейін сырқат амбулаториялық емдеуге жіберілді», - деді ведомстводан.


Up