Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада адасып кеткен оқушы табылды

27 November 2021 11:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғыны мектептен кейін үйге оралмаған баласын тауып берген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше сағат 14:57-де елорда тұрғыны ұлының мектептен шыққаннан кейін үйге оралмағандығын хабарлап, 102 нөміріне қоңырау шалды. Баланы іздеу үшін елорда полициясының жеке құрамына бағыттама берілді. Іздеу іс-шаралары барысында құқықтық тәртіпті қорғаушылар жоғалған жасөспірім болуы ықтимал орындарды тексеріп, өтіп бара жатқан адамдардан сұрау салды. Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері баланы тапты. Жасөспірім мектептен шыққаннан кейін автобустан қателесіп, басқа бағдарға отырып кеткені анықталды. Бала отбасына оралды, туған-туыстарымен бірге», - деп атап өтеді департаменттен.

Осыған орай полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларының жүрген жерін бақылап отыру қажеттігін еске салады.


Up