Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысы өтті

7 October 2021 16:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыста ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің азаматтардың денсаулығын сақтау және білікті медициналық көмек алу бойынша конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралары талқыланды. Комиссия мүшелері халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасына, әсіресе коронавирус инфекциясының алдын алу және емдеу барысында конституциялық құқықтарды сақтау және қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.




Комиссия отырысының жұмысында Конституциямен, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекспен, БҰҰ-ның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактісімен, Қазақстан ратификациялаған Бала құқықтары туралы конвенциямен кепілдік берілген азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтаудың өзекті мәселелері талқыланды.




Отырыс барысында сарапшылар барлық мобильді бригадалардың, call-орталықтардың, бейінді мамандардан жасқаталған консультативтік топтардың жұмысын күшейтіп, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің уақтылы және сапалы қызмет кқрсетілу керектігін атады.




Комиссия төрағасы Игорь Роговтың айтуынша, комиссия ортырысының қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар Мемлекет басшысының, Парламент пен Үкіметтің назарына ұсынылмақ.






















Up