Weather
Astana -14 °С
Almaty 9 °С
Exchange rates
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Елорда әкімі қаланың 5 мектебінің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

31 August 2019 00:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланың 5 мектебінің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкім тексерген оқу орындарында жөндеу және мектеп аумағын абаттандыру жұмыстары аяқталды. Осылайша, №10 мектеп-лицейінде ерекше жағдайды қажет ететін балларға арналып, дыбыс жазатын студия ашылды. Онда ұстаздар арнайы құрылғылар мен аудиоматериалдардың көмегімен мектеп сабақтарын түсіндіретін болады. Бұл мектепте 300 мектеп оқушысы инклюзивті білім берумен қамтамасыз етілген. №61 орта мектепте оқу орнын орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов барлық оқу орындары жаңа оқу жылына дайын болу қажеттігін ескертті. Барлығы елорданың 8 оқу орнында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 26 мектепте ағымдағы жөндеу жүргізілді. Келесі жылы күрделі жөндеу 14 оқу орнында жүргізілетін болады.



Up