Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елбасы елорданы көшіру туралы: Қамыс пен батпақтан басқа ештеңе болмады

21 October 2021 23:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа елорданың салыну тарихы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен елорданы ауыстыруды 1993 жылдан бері ойлап жүрдім. Ақмолаға жақын Теміртау қаласында 20 жылдай еңбек еткенмін, сондықтан қала туралы ақпаратым бар. Сол жылы күзде Ақмола қаласына арнайы келдім. Қаланың шеті толған қамыс пен батпақ. Қасымда бұрынғы облыстық комсомолдың бұрынғы хатшысы Браун (Браун Андрей Георгиевич – авт.) тұрды, мен оған осы жерде астананы тұрғызамыз дедім. Ол маған: Нұрсұлтан Әбішұлы, бұл не дегеніңіз бұл жерде батпақтан басқа ештеңе жоқ», деді. Расымен, батпақ пен қамыстан басқа ештеңе болмады. Басында елордамыз солай болды. Содан соң мен араб елдеріне барып, солтүстікте орналасқан халық екенімізді айтып, бізді қолдауын сұрадым. Мен ол кезде біздің елордамыздың Шығыс пен Батысты байланыстырғанын қаладым. Маған көпшілігі көмектесті», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасында көрсетілген «Штрихи к портрету. Откровение» атты деректі фильмде.


Бұған дейін еліміздің Тұңғыш Президенті президенттіктен бас тартатыны туралы кімге бірінші хабарлағанын жария етті.


Up