Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Эксперимент: ШҚО құтқарушылары жаңажылдық шыршаны өртеді

6 December 2021 15:49

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары эксперимент ретінде жаңажылдық шыршаны өртеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар Жаңа жыл қарсаңында эксперимент ұйымдастырды. Мұндағы мақсат – шырша орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудың қаншалықты қауіпті екенін көрсету.

«Өскемендегі өрт сөндіру-құтқару бөлімінің аумағында мамандар жасанды шыршаны өртеді. Жүргізілген эксперимент жаңажылдық шырша мен әшекейлердің өте жылдам тұтанатынын көрсетті. Өрт кезінде адамға әсіресе көк түтін аса қауіпті. Жанған шыршадан улы заттар бөлінеді», - дейді құтқарушылар.

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына шыршаны жарықтандыратын сенімсіз құрылғыларды пайдаланбауға кеңес береді. Сондай-ақ шыршаны жылыту құралдарынан алыс жерге орнату қажет. Шыршаны мақтадан, қағаздан және целлюлозадан жасалған ойыншықтармен безендіруге болмайды.











Up