Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Досмұхамбетов: Орынбасарымның кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайынмын

18 June 2021 12:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасарының кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес, әрбір саяси қызметші өзіне тікелей бағынышты қызметкер жемқорлықпен ұсталса және ол сот шешімінде анықталса, онда отставкаға өтініш беруі тиіс. Менде барлығы сияқты заңға бағынамын. Сондықтан әшкереленіп жатса, онда заңға сай әрекет етемін», - деді Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйегінде сот Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровты 2 ай қамауға алу туралы шешімді мақұлдады. Олар тергеу изоляторына қамалған еді. Күдіктілер 10 қыркүйекте Н 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.




Up