Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Демалыс күндері елдің солтүстігінде 2 градус үсік жүреді

27 May 2022 15:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 28-30 мамырына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі биік циклон ықпалында болады. Ауа райының құбылмалы сипаты сақталады – найзағаймен жаңбыр жауады. 28 мамырда елдің солтүстігі, орталығы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысында – қатты жаңбыр, дауыл, бұршақ жауады.

Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында 2 градус үсік болады деп күтілуде.

Қазақстанның батысында ғана Батыс антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша жел күшейеді. Келесі аптаның басында республиканың басым бөлігінде күндізгі ауа температураның жоғарылауы күтіледі.


Up