Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ДДСҰ COVID-19-ға қарсы қолдануға болатын тағы екі жаңа препаратты ұсынды

15 January 2022 10:44

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеу кезінде пайдалануға болатын екі жаңа препаратты ұсынды. Алайда олардың адамдарды аман алып қалуы препараттардың әлемдегі бағасына байланысты болады.

Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ-ның Жаңалықтар сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші «Барицитиниб» препараты COVID-19-дың ауыр формасымен ауыратын науқастарға ұсынылады. Ол ингибатор янус-киназ (JAK) деп аталатын иммундық жүйенің жауап беру қабілетін төмендететін препараттар санатына кіреді. Ұйым оны кортикостероидтармен бірге ішуге кеңес береді.

«Барицитиниб» – құздамалық артритті емдеу кезінде пайдаланатын капсула түріндегі препарат. Ол 2021 жылдың шілдесінде ДДСҰ ұсынған интерлейкин-6 рецепторларының блокаторлары деп аталатын артритті емдеуде қолданылатын басқа дәрілердің баламасы.

Сонымен қатар ДДСҰ «Совтровимаб» моноклоналды антидене препаратын пайдалануға кеңес берді, алайда оны белгілі шарттардың сақталуымен ауруханаға түсу қаупі жоғары COVID-19-дың жеңіл немесе орта формасымен ауыратын науқастарды емдеу кезінде пайдаланған жөн. Аталған препаратты екпе алмаған науқастар, егде жастағы адамдар, иммундық жүйесі әлсіреп қалғандар мен диабет, гипертония және семіздік сияқты ілеспелі аурулармен ауыратын науқастарға ішуге кеңес беріледі.

«Совтровимаб» – аксиривимаб-имдевимабтың, моноклоналды антиденелер коктейлінің баламасы. Оны 2021 жылдың қыркүйегінде ДДСҰ ұсынған. Моноклоналды антиденелердің «омикронға» қарсы тиімділігі зерттеліп жатыр. Бастапқы зертханалық зерттеулер бойынша, сотровимаб вирустың жаңа штамына қарсы тиімді.

Сонымен қатар ДДСҰ-ның сарапшылар тобы COVID-19-дың ауыр формасын емдеуге арналған тағы екі препаратты қарастырды. Олар: руксолитинба и тофацитинба. Ұйым әзірге оларды пайдалануға кеңес бермейді, себебі олардың тиімділігі дәлелденбеген.

ДДСҰ COVID-19-ды емдеу бойынша шешімдерін вирустың түрлі формаларымен ауыратын төрт мың науқастың қатысуымен өткен жеті зерттеудің деректеріне сүйеніп қабылдайды.

ДДСҰ қазіргі кезде ұсынылған препараттардың өндірушілерімен оларды әлемге тарату бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Сонымен қатар препараттар бағасының барлық елдерде әділ болуы талқылануда.


Up