Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бүгін еліміздің көптеген қаласында ауа сапасы нашарлайды

26 January 2022 04:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 26 қаңтарда еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 қаңтарда Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-сұлтан, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Шымкент, Риддер (2-дәрежелі), Семей ( 2-дәрежелі) және Өскемен (2-дәрежелі) қалаларында күтіледі

метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Up