Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлайды

18 October 2021 04:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 18 қазан күні Қазақстан қалаларында күтілетін ауа сапасы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүйсенбі күні қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (дәрежесіз) Нұр-Сұлтан және Қостанай қалаларында болжанады.

1-дәрежелі қолайсыз метеожағдай (бір немесе бірнеше ластаушы заттар концентрациясының рұқсат етілген шекті нормадан асып кетуі) Павлодар қаласында күтіледі.

Ал Риддер, Семей және Өскемен қалаларында 2-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (бір немесе бірнеше ластаушы заттар концентрациясының рұқсат етілген шекті нормадан 3-тен жоғары асуы) қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Up