Weather
Astana -17 °С
Almaty -4 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

БҚО-да қыстақтан шыққан тұрғын адасып кеткен

27 November 2020 01:56

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қыстақтан шыққан тұрғын адасып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 25 қараша күні Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінде болды.

Сағат 09.24-те Ащышеген қыстағынан шығып, адасып кеткен 33 жастағы тұрғынды іздестіру керектігі туралы хабар түскен. Ол түнгі сағат 01.00-де Ащышегеннен Тайпақ ауылына қарай (арасы 30 шақырым) бет алып, бағытынан жаңылған.

Іздестіру жұмыстары барысында жоғалған тұрғын сағат 13.03-те Ащышегеннен 5 км қашықтықта «Сербол» шаруа қожалығының қыстағынан табылды. Оның жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажетсінбеді.

БҚО ТЖ департаменті тұрғындардың ауа райы бұзылатын күндері алдын ала жария етілетін ескертулерге құлақ асып, елді мекеннен алыс жерлерге шықпауы қажеттігін еске салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 21 тонна бензин әкеле жатқан «КамАЗ» көлігінің аударылып қалғанын жазған болатынбыз.


Up