Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,8 пайызға дейін жетті - Асқар Мамин

9 December 2021 09:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің айтуынша, 11 айда елде 13,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,8 пайызға дейін жетті. Жалпы экономиканың барлық салаларында өсім қарқыны байқалады. Нақты сектордың өңдеу өнеркәсібінде өсім 5,2 пайыз болды. Оның ішінде машина жасау – 18,6 пайыз, автомобиль құрастыру – 21,3 пайыз, локомотив пен вагондар өндірісі – 56,7 пайыз өсті. Құрылыс материалдарының өндірісі – 9,2 пайыз, фармацевтикада – 27,9 пайыз артты», - деді ол Үкімет отырысында.

Үкімет басшысының мәліметіне қарағанда, көмір өндіру саласындағы 0,7 пайыз өсім мен темір кенін өндірудегі 3,9 пайыз өсімнің есебінен тау-кен өндірісінің де қалыпқа келгенін байқауға болады.

«Қызмет көрсету секторында тұрақты өсім бар. Байланыс, сауда және көлік қызметтеріндегі жоғары қарқын есебінен өсім 3,9 пайыз жылдамдады. Құрылыс саласы да сенімді дамып келеді. Өсім - 6,2 пайыз деңгейінде. 11 айда елде 13,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылға қарағанда 10,6 пайыз көп», - деді Асқар Мамин.


Up