Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Биыл Алматының төменгі бөлігіндегі арық жүйесі жөнделеді

26 May 2022 21:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда нөсер жауын жауғанда, қаланың төменгі бөлігін су басады. Осыған байланысты жыл соңына дейін 7 мекенжай бойынша арық жүйесі шұғыл түрде жөнделеді. Бұл туралы Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысының сөзінше, биыл Рысқұлов, Райымбек даңғылы мен Алматы-2 вокзалы жанындағы су бұру коллекторы қалпына келтіріледі. Бұл мегаполистің жоғарғы жағынан жаңбыр ағынын азайтады.

«Мәселені толық шешу үшін ұзындығы 26,5 шақырым болатын 27 көше бойынша арық желілері мен коллекторларды салу және реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді»,- деді ол.

Оның айтуынша, аудан әкімдігімен ұзындығы 4,3 шақырым 27 учаске бойынша арықтарды ағымдағы жөндеу жоспарланған. Атап айтар болсақ, «Айнабұлақ-1», «Айнабұлақ-2», «Айнабұлақ -3», «Айнабұлақ -4», «Көкжиек» және «Құлагер» шағын аудандарындағы арықтар. Сонымен қатар, Брюсов пен Жансүгіров көшесі бар.

Қазір мегаполисте 16 коллектор бар, оның тек 4-еуі ғана жұмыс істеп тұр.


Up