Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмыстарының тұжырымдамасы әзірленеді

27 January 2022 13:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмыстарының тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім беру процесіндегі ең бастысы – бұл тәрбие. Бұл жайында біз бірнеше рет айттық. Тиімді білім беру зияткерлік сапаға тәрбиелеу, ақпарат ала білу және онымен жұмыс істеу арқылы ғана жүргізіледі, - деді Үкімет басшысының орынбасары Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның атап өтуінше, білім беру жүйесі рухани бай, адамгершілігі мол, зияткер, шығармашыл тұлғаларды дайындауы тиіс. Бұл бағытта өте күрделі сұрақтар тұрғанын жақсы білеміз. Сондықтан осы мәселелердің бәрін тәрбие жүйесіне талдау жасалып, шұғыл әрі жүйелі іс-шаралар қабылдауымыз керек. Мен бұл жөнінде арнайы кеңес өткізіп, тәрбие жұмыстары жөнінде тұжырымдама әзірлеуді тапсырған болатынмын. Тұжырымдамада мектепке дейінгі ұйымдардағы, мектептегі, колледждегі және жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмыстары толық қамтылатын болады. Тұжырымдамада жастарды еңбекке баулу,спортқа, шығармашылыққа баулу басым бағыттар болуы тиіс», - деді Ералы Тоғжанов.

Осы ретте Премьер-Министрдің орынбасары тұжырымдаманы Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспарына енгізу қажеттігін айтып, бірінші вице-министр Шолпан Кариноваға келесі аптада жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы баяндауды тапсырды.


Up