Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда 2 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын қабылдады

2 December 2021 14:58

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 2102 адам Pfizer вакцинасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның 1203-і жасөспірімдер болса, 73-і – жүкті, 826-сы – бала емізетін әйелдер.

Сондай-ақ 895 адам ревакцинациядан өтті.

Облыс бойынша осы кезге дейін 249 472 адам (егілуге тиісті тұрғындардың 60,2 пайызы) вакцинаның бірінші, 231 592-сі (55,9 пайыз) екінші компонентімен егілді.

Орал қаласында егілуге тиісті 224 092 тұрғын болса, соның 126 971-і бірінші компонентті қабылдады.

Қазіргі кезде қоймаларда 90 115 доза І, 108 148 доза ІІ компонент бар.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтыру көрсеткіші 24,2 пайызға (39 науқасқа) азайды.

Күні бүгін коронавирус жұқтырған 297 пациент амбулаторлық ем алуда.

Ал 796 төсектік 16 инфекциялық стационарда 119 науқас жатыр. Соның 110-ы Орал қаласындағы ауруханаларда.

Жансақтау бөлімшелеріндегі 13 адамның 11-і ауыр, екеуі аса ауыр халде. Инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 2, инвазивті емес құрылғыға 7, оттегі концентраторына 4 адам

қосылған.

Жыл басынан бері коронавирустан 668 адам қайтыс болса, соңғы аптада 4 науқас көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 620 адамның ревакцинациядан өткенін жазған болатынбыз.



Up