Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балқашта қаланың алғашқы құрылысшыларына арналған ескерткіш қалпына келтірілді

26 July 2021 23:35

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқашта қаланың алғашқы құрылысшыларына арналған ескерткіш қайта қалпына келтірілді. Ескерткіш 1968 жылы 29 қазанда Орталық саябақта ашылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жылдар ішінде ол бірнеше рет қалпына келтірілді, бірақ соған қарамастан жақында ескерткіште жарықтар және бетон тұғырда тесіктер пайда болды.

Енді мердігерлік ұйымның күшімен монументтің жұмыскерлер бейнеленген сәндік қабырғасы қалпына келтірілді. Сондай-ақ, тесіктер бітеліп, жаңадан бетон құйылды.

«Бес метрлік ескерткіш жұмысшының мүсінін бейнелейді. Оның қолында елдің алғашқы бесжылдықтарындағы құрал болып табылған күрек бар.

Қалпына келтірумен шарттық міндеттемелер шеңберінде қаланың аллеялары мен гүлзарларын қадағалайтын мердігерлік компания айналысты», – деп атап өтті Балқаш әкімдігінде.





Up