Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауыл шаруашылығында жас ғалымдарға гранттық қаржыландыру енгізіледі

3 December 2021 12:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылдан Агроөнеркәсіптік кешендегі ахуалдық талдау орталығы өз жұмысын бастайды. Бұл туралы Сенаттағы парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аграрлық ғылым жүйесінде ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу және оларды коммерцияландыру, дамыған елдердің тәжірибесі бойынша білім таратудың заманауи ұлттық жүйесін құру проблемаларын шешу жұмыстары жүргізіле бастады. Сондай-ақ, білім беру бағдарламаларын жаңарту, оқытудың практикалық бағытын күшейту есебінен кадрлар даярлау сапасын арттыруға баса назар аударылуда. Биыл аграрлық ғылымды 2021-2023 жылдарға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жыл сайын 8,5 млрд теңгеге дейін жеткізілді (салыстыру үшін 2015-2017 жылдары жыл сайын 4,5 млрд. теңгеден бөлінді)», - деді Е. Қарашөкеев «Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, келесі жылдың басынан бастап министрліктің талдау жұмысын күшейту мақсатында Агроөнеркәсіптік кешендегі ахуалдық талдау орталығы өз жұмысын бастайды.

«Сонымен қатар, жас ғалымдарға салалық гранттық қаржыландыру енгізіледі», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ербол Қарашөкеев саладағы негізгі проблемаларды айтты.

Саланы мемлекеттік қолдау мәселелерінде де елеулі кемшіліктер бар. Ең алдымен, бұл субсидиялау тетіктерінің күрделілігі, субсидия алудың шарттарының көптігі.


Up